II Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының қорытындысы

II Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының  қорытындысы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н. Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасын іске асыру аясында облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңі өткізілді.

Олимпиада ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Олимпиада 24 ақпанда басталып, бірнеше кезеңнен өтті. Облыстың
ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары – 13 000-нан астам оқушы
Елбасы Академиясының онлайн-платформасында тіркеуден өтті.

Олимпиада барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен, ШҚО U-Study тестілеу орталықтарының базасында офлайн режимде өткізілді. Қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін қазақ тілі, орыс тілінде оқитын оқушылар үшін орыс тілі, ағылшын тілі мен жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалауға компьютерлік тестілеуден өтті.

Қорытынды кезең бойынша 76 оқушы жеңімпаз атанды.

6-сыныпты аяқтаған ең үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес оқуын «Білім-инновация» лицейлері мен «Дарын» мектептерінде жалғастыруға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар II кезеңнің барлық қатысушыларына Елбасы Академиясының Вirge Oqý онлайн мектебінде тегін оқуға мүмкіндік беріледі. Онлайн мектепте еліміздің жетекші ұстаздары математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен қосымша сабақтар өткізеді. Толық ақпаратты birgeoqy.kz сілтемесі арқылы  білуге болады.