Жас педагогтерге арналған педагогикалық хакатон

Жас педагогтерге арналған педагогикалық хакатон

2021 жылдың 3 маусымында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар  жас педагогтерге арналған педагогикалық хакатон ұйымдастырылды.

Педагогикалық хакатон - педагогтердің марафоны, оның барысында әртүрлі пән мұғалімдері педагогикалық тапсырмаларды (кейс) шешу бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады. Хакатон барысында «жеке жұмыс» емес, командалық жұмыс маңызды - команда жеңеді және ұтылады.

Хакатон мақсаты - заманауи сабақты жоспарлау тәсілдерін қолдана отырып, оқыту шарасының жоспарын құрастыру.

Шара барысында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлерінің жетекшілігімен 6 команда жұмыс жасады.

Әрбір команда сессиялық залдарда берілген кейс тапсырмасы бойынша идеялар жинақтау арқылы тәжірибе алмасып, кейстің шешімін шығаруға командалық жұмыс жасалды, нәтижесінде командалар питч-сессия арқылы өз кейстерінің шешімдерін жалпы бүкіл командаларға таныстырды. Сонымен қатар сәтті топтық жұмыстың құпияларымен танысып: ортақ мақсатты қабылдау, әлеуметтік өзара іс-әркекетте жұмыс істей алуымен қатар, өздеріне алған міндеттемелерді орындау, дербестік пен бастамашылдықпен қолдау көрсету маңыздылығын көрді.

Шараға облыстың білім беру ұйымдарынан қатысқан 150 жас маман өздерінің кәсіби дамуына қажетті сұрақтар бойынша көптеген тың мәліметтер алып, өзекті мәселелерді талдауда белсенділік танытты.

Хакатон соңында ұйымдастырылған кері байланыста жас педагогтер алған білімдерін тәжірибеде қолданатындарын атап, ризашылқтарын білдірді.