Шығыс Қазақстан облысының жазғы мектебі

Шығыс Қазақстан облысының жазғы мектебі

2021 жылғы 26 мамырдан 19 маусымға дейін ҚР БҒМ 2021 жылғы                  5 мамырдағы №203 бұйрығының 5-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында Жазғы мектептер ұйымдастырылды.

Мақсаты-пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген 2020-2021 оқу жылында оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және оқыту сапасын арттыру.

Жазғы мектепте оқу жылы бойы қашықтықтан/аралас форматта оқыған оқушылар қалауы бойынша оқиды. Облыс бойынша білім алушылардың жалпы саны 46 587 оқушыны құрады (39%). Сыныптар бөлінісінде: 1-  4 сыныпқа дейін оқушы саны -16 210,  5 – 10 сыныпқа дейін оқушы саны - 30 377.

Жазғы мектеп сабақтарының кестесі ҚР БҒМ әдістемелік ұсынымдары бойынша құрылған, оқыту бағдарламалары білім алушылардың пәндік білімдеріндегі олқылықтарды ескере отырып, педагогтармен түзетілген. Сабақтар оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін және білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып, заманауи білім беру әдістемелерін, цифрлық білім беру ресурстарын, ойын және АКТ-технологияларын пайдалана отырып жүргізіледі.

Жазғы мектептің жұмысына педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілер жұмылдырылды.

Сыныптар топтарға бөлінген, әр топта 25 оқушыдан артық емес, облыс бойынша барлығы 1959 топ бар. Сабақ уақыты-40 минуттан күніне 3 сабақтан аспайды.

Жазғы мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді, үй тапсырмалары берілмейді.