Оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-9 сынып оқушылары үшін XVІ республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізді.
Олимпиада қашықтық және қорытынды екі тур бойынша өткізілді. Қорытынды кезең онлайн режимде өтті. Республикамыздың барлық өңірлерінің 5-9 сыныптарынан 920 оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан олимпиадаға бірінші турдан 1 дәрежелі диплом алған оқушылар бақтарын сынады. Екінші тур тест және эссе түрінде өтті.
XVІ республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасының қорытындысы бойынша 37 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды (I орын - 4, II орын - 9, III орын - 24).
Тізім қоса беріледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Табыс пен жеңістер тілейміз!