«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінің  ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2021 жылы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

Байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңдерінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің жеңімпаз болған                        78 оқушы қатысты.

Жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Жүлдегерлер тізімін  www.shygysdaryn.kz сайтынан көруге болады.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!