«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытындысы

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытындысы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Сәрсен Аманжолов атындағы университетімен бірлесе отырып, онлайн режимде «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасын өткізді. Олимпиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.

Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мекемелерінен  8-11 сыныптардан аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары - 200 оқушы қатысты.

Олимпиада 2 айналым бойынша өтті:

1 кезең – Қазақстан тарихы бойынша тестілеу түрінде онлайн режимінде Олимпиада.

2 тур - келесі тақырыптар бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігінің жылнамасы: негізгі жетістіктер» презентациясын қорғау:

  1. «30 жыл – бейбітшілік пен жасампаздық кезеңі».
  2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – қазақстандық қоғам дамуының жаңа белесі».
  3. «Қазіргі әлемдегі қазақстандық мәдениет».
  4. «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы».

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 55 оқушы жүлделі орындарға ие болды (гран-при - 1, І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар - 7, ІІ дәрежелі – 18, ІІІ дәрежелі - 29).

Гран-при иегері - Аягөз ауданы Қалалық қазақ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Оразғалиева Еркежанға  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ректорының гранты тағайындалды.

Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын

жетістіктерімен құттықтаймыз!

Болашақта тағыда жеңістер тілейміз!