Колледждердегі студенттік өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастыру

Колледждердегі студенттік өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастыру

Колледждердегі студенттік өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастыру бойынша Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Ақмола облысы білім басқармасы бірлесе жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында вебинар өткізді. Аталған вебинарға Ақмола облысы білім басқармасының ТжКББ жүйесіндегі оқу орындары және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы ТжКББ бөлімінің бас маманы Ильясова Гульмира Бейсенбаевна, «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хауанова Назым Хауанқызы, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джуманазарова Жанар Сагаладиновна,  «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК  педагог-ұйымдастырушысы Карибжанов Самат Алпамысұлы қатысып, барлық деңгейдегі студенттік өзін-өзі басқару түрлерінің үйлесуі, студенттердің мәселелерін шешу жолдары  және оңтайлы механизмдерін іздеу, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының  рөлі мен маңызы, т.б. мәселелер жөнінде баяндама оқып,  өз тәжірибелерімен бөлісті.