ШҚО білім басқармасы қызмет көрсету және сервис бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес «Семей» колледжімен бірлесіп 2021 жылғы 5 мамырында ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының 1 курс студенттері мен жалпы білім беретін мектептер мен лицей оқушыларына (9-11сынып) арналған бейнелеу өнері бойынша облыстық қашықтық байқауын өткізді.
Мақсаты: дарынды оқушылар мен студенттерді анықтай отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру, білім алушыларды белсенді шығармашылық қызметке тарту.
Облыстық қашықтық байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
1 орын – Слямбеков Куаныш (Құрылыс колледжі); Шимолина Ксения, Алексеев Алексей («Семей» колледжі);
2 орын - Тусупова Жанэль (№ 7 мектеп-лицейі); Рамазанова Әзия (Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі); Огизбаева Ясмина («Семей» колледжі);
3 орын - Қызырбекова Аружан (Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі); Хасенова Каршыга (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі); Ахмадиева Жамиля, Щетинин Вячеслав («Семей» колледжі).
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!