Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы байланыс саласының дамуы» атты мемлекетаралық қашықтық студенттік зерттеушілік конференциясы»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы байланыс саласының дамуы»  атты мемлекетаралық қашықтық студенттік зерттеушілік конференциясы»

2021 жылғы 04 мамырда ШҚО білім басқармасы басшылығымен  «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК базасында Шығыс Қазақстан облысының студенттері арасында Қазақстан Республикасының басқа аймақтарынан студенттерді тарта отырып, халықаралық қатысумен қашықтықтан зерттеу  конференциясы өткізілді.Студенттік конференцияның тақырыбы - «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы байланыс саласының дамуы», мақсаты - студенттердің патриоттық сезімін және өз еліне, өз халқының, туған жерінің өткеніне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, байланыс саласының дамуы мен Ұлы Отан соғыс кезіндегі байланысшылардың ерлігі туралы объективті және тарихи шынайы сипаттама беру. 10 жылдық тарихы бар конференцияның тәрбиелік мәні ерекше. Конференцияға 42 студент, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы колледждерінен - 27, Ресей Федерациясынан (Томск) – 1; ҚР қалаларынан: Алматы - 5; Павлодар - 1; Ақтөбе - 6; Қарағанды- 2 студент қатысты.Конференция жоғары патриоттық және салтанатты рәсімде өтті. Конференция басталар алдында қатысушылар мен қонақтар Ұлы Отан соғысының батырлары мен құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Конференция қонақтары: 44793 әскери бөлімінің қызметшілері, Шығыс Қазақстан облысының байланыс ардагерлері, сондай-ақ байланыс мамандарын даярлаумен айналысатын Томск басқару жүйелері және радиоэлектроника университет (РФ) факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы колледждерінің директорлары болды. Келесі студенттердің зерттеу жұмыстары  ШҚО кәсіби білім беру орталығының грамоталарымен марапатталды: марапатталған студенттердің тізімі. Сондай-ақ,  конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.