Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 28 сәуірінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәнінің жас мұғалімдері мен тәлімгерлері үшін ассоциацияның жылдық жоспарына сәйкес «Тәлімгерлік - жас ұстазды кәсіби қолдаудың тиімді түрі»тақырыбында онлайн-семинар-практикумын өткізді.
Семинардың мақсаты- Тәлімгерлік жұмыстың тиімді түрлері арқылы жас мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету, білімі мен біліктілігін арттыру бойынша іс-тәжірибесімен бөлісу.және әдістемелік көмек көрсету .
Шараға аудандық, қалалық және облыстық білім беру ұйымдарынан 100 тарих пәнінің жас мұғалімдері мен тәлімгерлері, және қауымдастықтың жетекшілері қатысты.
Семинар барысында сөйлеушілер тәлімгерлік жұмыстың мақсат міндеттері,кезеңдері мен нәтижесі және жас педагогтерді кәсіби қолдау ,олардың теориялық және практикалық қалыптасуына ықпал етуші әдіс-тәсілдер туралы:
Өскемен қ «Педагогикалық шеберлік Орталығы» филиалының аға менеджері, тренер Марченко Елена Алексеевна «Менторинг как инструмент развития»;
Жарма ауданы «П.Г. Карелин атындағы орта мектеп» КММ , жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Сембинова Айжан Нояновна «Жас маманмен тәлімгерлік үдеріс жұмысын ұйымдастыру», жас маман Заманбекова Мөлдір Тұрдыханқызы теориялық білімін практикада қолдануда тәлімгер жұмысының нәтижесі туралы ;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№ 11 мектеп-лицей » КММ жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Икамбаева Карлыгаш Ракымгазыновна «Менторинг через наблюдение урока» ;
ШҚО ББ Семей қаласы бойынша ББ «№ 33 орта мектеп»КММ , педагог-зерттеуші,тарих пәні мұғалімі, Омирбаева Меруерт Даулетбековна «Тәлімгер мен тәлім алушының арасындағы сабақтастық: кеше,бүгін,ертең»;
Глубокое ауданы бойынша ББ «№1Белоусовка орта мектебі»КММ, , педагог-зерттеуші,тарих пәні мұғалімі, Аверкина Светлана Аркадиевна «Система поддержки молодых специалистов как необходимое условие становление молодых педагогов»тақырыптарында өз іс- тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-сынып көрсетті.
Семинар-практикумға қатысушы тәлімалушылар шараның кәсіби шыңдалуда ролі зор болғанын ,тәлімгерлер тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік көмектің тиімді болғанын атап , іс-тәжірибелермен бөліскен әріптестерге ризашылық білдірді.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Б.К. Абраимова.