ШҚО білім басқармасының қолдауымен 2021 жылдың 16 сәуірінде педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері мен оқытушылары арасында көрнекті ғалым, ақын, жазушы Қайым Мұхамедхановтың 105 жылдығына арналған «Қайым Мұхамедханов және халық мұрасы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың Қазақстан мәдениеті мен әдебиетін дамытуға қосқан үлесі мен өмірін зерттеу, колледж студенттерінің зияткерлік әлеуетін арттыру, ғылыми-зерттеу бастамаларын дамыту, жаңартылған білім беру шеңберінде оқу үрдісін жаңғыртудың өзекті мәселелерін талдай отырып, білім беру саласындағы инновациялық идеяларды қолдау. Конференция барысында абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың өзекті мәселелері туралы студенттер мен оқытушылардың баяндамалары тыңдалды. Колледж оқытушылары білім берудің жаңартылған мазмұны аясында педагогикалық қызметкерлердің Абай шығармаларын зерделеу бойынша ғылыми-практикалық зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, оқу процесін жаңғырту бойынша шешімдерді ұсынды. Конференцияға қатысу үшін колледж студенттері мен оқытушыларынан 40-тан астам өтінім келіп түсті.
Оқытушылар арасында өткізілген конференция қорытындысының нәтижесінде:
І орын – «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК - өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Нурланова Айгерим Куандыковна;
ІІ орын – «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас оқытушысы Аймухаметова Наргиз Жусупқызы;
ІІІ орын - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ мұғалімі Арыстанбек Диана иеленді.
«Үздік баяндама» номинациясында алғыс хатпен марапатталғандар:
- «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК оқытушысы, әдіскер Бейсенова Айнаш Кызыркановна;
- «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК оқытушылары Сахариева Зайда Дүйсеновна, Мұсабалина Эльмира Темерланқызы.
Студенттер арасында өткізілген конференция қорытындысының нәтижесінде:
1 бағыт – «Қайым Мұхамедхановтың Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесі»:
1 орын - Жұмабекқызы Наргиз - «Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледж» мекемесі, ғылыми жетекшісі - Алимханова Лаура Султанбековна;
2 орын - Тұрарбеков Талапкер Ануарбекұлы - «Геодезия және картография жоғары колледжі» КМҚК, ғылыми жетекшісі – Абдрахманова Айнамгуль Жумагазыевна;
3 орын - Толеуханова Айдана Асхаровна - М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК, ғылыми жетекшісі - Гельмендинова Марина Борисовна;
3 орын - Шнайдер Зарима Кайратовна - «Геологиялық барлау» колледжі КМҚК, ғылыми жетекшісі – Омарбекова Жадыра Социаловна.
2 бағыт: «Қайым Мұхамедханов –абайтанушы»:
1 орын - Манарқызы Жансая - «Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледж» мекемесі, ғылыми жетекшісі – Даулетова Айнур Турсынкановна;
2 орын - Өміржанов Қыдырәлі - «Электротехника колледжі» КМҚК, ғылыми жетекшісі – Сулейменова Айгуль Кадылбековна;
2 орын- Дүйсетаева Аружан Беріктайқызы - М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК, ғылыми жетекшісі – Екібасов Қуаныш Қыдырмолдаұлы;
3 орын – Зияданова Зарина Ергазықызы - «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК, ғылыми жетекшісі – Омарова Назым Жумабековна.
3орын - Райхан Аңсар Нұрланұлы - «Көлік колледжі» КМҚК, ғылыми жетекшісі – Ашимжанова Шынар.
Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Конференцияның барлық жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!