«Үздік денешынықтыру мұғалімі-2021» облыстық (қашықтан) байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Үздік денешынықтыру мұғалімі-2021»  облыстық (қашықтан) байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 5-9 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, Қазақстан Республикасының жаңа формациядағы педагогтің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасына және «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2021» республикалық байқаудың ережесіне сәйкес ШҚО дене шынықтыру пәні мұғалімдері үшін «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2021» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби өсуге ықпал ету, дене шынықтыру мұғалімдері кәсібінің беделін арттыру.

Байқаудың үш кезеңде онлайн режимде өтті, оған Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан аудандарының және Алтай, Курчатов, Риддер, Семей қалаларының мұғалімдері қатысты.

Байқау комиссиясы қатысушылардың жұмыстарын бағалап, келесі жүлдегерлерді анықтады:

I орын – Нихамбаева Эльмира Кабдулкаковна, Аягөз ауданы «№ 1 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

II орын – Кайырканов МаксатКалганович, Алтай қаласы «№ 6 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

III орын – Ковалева Зинаида Викторовна, Риддер қаласы «Д. Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Келесі қатысушыларға номинациялар беріледі:

«Өз ісінің шебері» - Алимханов Руслан Маратович, Курчатов қаласы «№2 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Мукатаева Карлыгаш Кундызбековна, Семей қаласы «№ 12 орта мектебі» КММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

         «Креативті педагог» - Шаяхмет Ирина Шоовоевна, Шемонаиха ауданы «А.Байтұрсынов атындағы № 5 жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешені» КММ дене шынықтыру мұғалімі. Елеусызбаев Алтынбек Калтаевич Бесқарағай ауданы «Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

         «Заманауи дене шынықтыру сабағы» - Таширяев Ерлан Сталович, Жарма ауданы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ризабек Есбол Ризабекулы Зайсан ауданы «М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар ШҚО білім басқармасының дипломы және грамоталарымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Облыстық кезеңнің жеңімпазы дене шынықтыру пәнінің муғалімі Нихамбаева Эльмира Кабдулкаковна Аягөз ауданының «№ 1 орта мектебі» КММ республикалық байқауға қатысады. Сәттілік тілейміз!