«СтартПрофи - Shygys» онлайн кәсіптік бағдар беру жұмысының бірінші күні

«СтартПрофи - Shygys» онлайн кәсіптік бағдар беру  жұмысының бірінші күні

Бүгін, онлайн кәсіптік бағдар беру жұмысының бірінші күні аяқталды. Колледж өкілдері («Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі»,         КМҚК, «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі», Жоғары Шәкәрім колледжі, «Құрылыс колледжі» КМҚК,  «Жарма технология колледжі»,  Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі, «Семей көпсалалы колледж» мекемесі,  «Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледжі» ЖММ, «Қазақстан-Американдық Еркін Университеті» ЖШС жоғарғы колледжі,  «Семей» Медициналық колледжі» мекемесі) мектептердің 9-11 сынып түлектері,  жұмыссыз жастар және балалар үйінің тәрбиеленушілерімен ZOOM платформасында онлайн-кездесу өткізді. Талапкерлер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. Бірінші күн ішінде кәсіптік бағдар беру жұмысымен барлығы 600-ден адам қамтылды.

Құрметті талапкерлер! ZOOM платформасына қосылу арқылы ШҚО ТжКБ беру жүйесі оқу орындары туралы толық ақпарат алуларыңызға болады!

Аталған іс-шара кестеге сәйкес сәуір айының соңына дейін жалғасады.