«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын іске асыру шеңберінде баскетболдан Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық мектеп лигасының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын іске асыру шеңберінде баскетболдан Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық мектеп лигасының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 12-16 сәуір аралығында баскетболдан Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық мектеп лигасы өткізіледі.

Мектеп лигасының мақсаты: ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау, рухани энергияны, адамгершілікті, патриотизмді тәрбиелеу.

Командалық жарыс 7-8 сыныптың ұлдары мен қыздары арасында өткізіледі - аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады. Командалардың сандық құрамы: 12 қатысушы (7 адам қосалқы,
5 ойыншы алаңда).

Жарыс баскетбол Федерациясының қолданыстағы ережелері бойынша өткізіледі.

Жеңімпаз командалар республикалық жарыстарға қатысады.

Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін COVID-19 пандемия кезінде барлық қатысушылар, сондай-ақ БАҚ өкілдері бас өңірлік дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы қажет. Жарыстарды өткізу барысында  БМСДҚ және ШҚО БМСДҚ талаптары сақталуы тиіс.

Жарыстар өткізген кезде спорт залда екіден көп команданың болуына жол берілмейді. Жарыстар көрермендерсіз өткізіледі.

Жарыстың өткізілуі туралы ереже мына сайтта: https: //www.shygysdaryn.kz.

Қосымша ақпарат: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын»

тел.: 8/7232/75-15-53, e-mail vk_ocfk@mail.ru .