«Көктем тамшылары» көктемгі онлайн-демалысы.

«Көктем тамшылары» көктемгі онлайн-демалысы.

 2021 жылғы наурыздың 20 мен 31 аралығындағы демалыс кезінде «shko_online_kanikuly» инстаграм парақшасында онлайн көктемгі демалыс ұйымдастырылды. Қашықтықтан өткізілген тақырыптық ауысымдар Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан балалары - көктем шақырады!» - «Дети Казахстана- весеняя капель!» ұсынымдарына сәйкес ұйымдастырылды. Онлайн режиміндегі көктемгі демалыс 10 000-нан астам баланы қамтыды. Демалыс бағдарламасы оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыруды дамытуға және жетілдіруге бағытталды.

Демалыс бағдарламасында:

- қосымша білім беру мұғалімдерімен күнделікті интерактивті үйірме сабақтары және мастер-класстар көрсетілді: тоқу өнері, оригами, пэчворк «Ою-Өрнек», аспаздық шеберлік сағаты «Наурыз-көже», «мүйіз, өркеш, арқармүйіз» өрнектерімен кесте тігу, квиллинг;

- ежелгі әдет-ғұрыптарды зерделеу және жаңарту мақсатында «Ұлыстың ұлы күні», «Жоралғы күні», «Бабалар өсиеті», «Алтын сақа» ұлттық мерекелер туралы танымдық бейнематериалдар көрсетілді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында тарихи, анимациялық бейнероликтер көрсетілді;

- зияткерлік және шығармашылық байқаулар, қызықты викториналар, балалардың шығармашылық жұмыстарының көрме - конкурстары: «Алғырлар алаңы», «Кім білгір?», «Зерде-2021», «Менің спорттық даңқ мұражайым» фотоконкурсы, «Мейірімділік әлемді құтқарады» art-challenge суреттер байқауы, «Демалысымыздағы бір күн» бейнероликтер конкурсы, «Ақ дастархан» ұлттық тағамдар фестивалі, «Қамажай» халық билері конкурсы, «Аяулы Алақан» акциясы жүргізілді;

- әлемнің көркем орындарына, облыстық және республикалық мұражайларына, көрмелеріне, виртуалды турлар мен онлайн-экскурсиялар: «Шығыс Қазақстанның тарихи және көне орындары», «Ұлттық мұражайға онлайн саяхат» өткізілді;

 – виртуалды клубта кітап оқу, фильмдер көру, театрлар мен концерттерге онлайн бару: «Көркем сөз оқу», «Менің атым Қожа», «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз», сондай -ақ «Спорт-MIX» спорттық шеберлік сағаттары ұсынылды.

«Қазақстан балалары - көктем шақырады!» - «Дети Казахстана- весеняя капель!» онлайн демалысында оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қалыптасуы мен дамуын, сондай-ақ балалардың рухани-адамгершілік және ұлттық тәрбиесін, отбасылық құндылықтарды нығайтуды, балалар мен отбасылар үшін қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыруды көздеді.