«Жамбыл Жабаев мұрасы және қазақ руханияты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы

«Жамбыл Жабаев мұрасы және қазақ руханияты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы             Қазақ елінің халық ақыны, Жамбыл Жабаевтың дүниеге келуінің 175 жылдығына орай 2021 жылдың 5 сәуірі күні С. Аманжолов атындағы Шығыс  Қазақстан университетімен бірігіп «Жамбыл Жабаев мұрасы және қазақ руханияты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушалары және орта білім беру мекемелерінің педагогтері (сынып жетекшілері, қазақ әдебиеті, тарих пәндері мен бастауыш сынып мұғалімдері) жас ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының және мәдениет саласын дамытудағы орталықтарының қызметкерлері, ақындар мен суретшілер, тарихи-өлкетану музейлерінің өкілдері қатысты.

Конференцияның мақсаты – қазақ ақыны, жырау, айтыскер Жамбыл Жабаевтың өшпес мұрасын насихаттау, оның шығармашылығын әлемдік әдебиет контекстінде қарастыру және оның шығармаларын қазіргі әдеби сын жетістіктері тұрғысынан пайымдау.

Ғылыми- тәжірибелік конференцияның пленарлық бөлімінде: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы                             Айжан Маратбекқызы Картаева        «Қ.Бітібаева технологиясы арқылы Жамбыл шығармашылығын оқыту»;

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Сайлаухан Қажыбекұлы Қожағұлов «Жамбыл - халық жыршысы»;

Нұр-Сұлтан қаласы Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Лаура Ноғайбекқызы Дәуренбекова    «Ж.Жабаев өлеңдерін орта мектепте талдату арқылы ораторлық өнерге бейімдеу жолдары»;

Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Болатхан Серғазыұлы Сарбасов «Жамбыл шығармаларын оқытуда рухани құндылықтарды қалыптастыру»;

Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті ф.ғ.к. Айман Ералықызы Айтбаева «Жамбыл ақын жырларындағы ерлік дәстүрі»;

Қызылорда қаласы,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының    жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., Халықаралық тренер Орманова Мария Айтбаевна          «Жаңартылған білім беру мазмұны: Ж.Жабаевтың ««Зілді бұйрық» өлеңін оқыту» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

 

Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғылыми кітапханасының кітапханашысы Сауле Сабырбайқызы Терлікбаева         «Жыр алыбы – Жамбыл» атты Жамбыл шығармаларының электронды таныстырылымын жасады.

Шараның секциялық бағыттарында 73 педагог баяндама жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара соңында Жамбыл шығармашылығын насихаттауда және ұлттық құндылықтарды  жас ұрпақ бойына сіңіруде әлі де болса сағат сандарын көбейту туралы ұсыныстар айтылды.