2021 жылғы 26 наурызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы онлайн режимде «Математика», «Физика» және «Информатика» пәндері бойынша 9, 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» әдістемелік онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында «Математика», «Физика» және «Информатика» пәндері бойынша 9, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 100 математика, физика, информатика мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында:
Закарьянова Нургул Советовна, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ математика пәнінің мұғалімі «Алгебра» пәні бойынша 9-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындау деңгейін арттыру»;
Нарбинова Галина Исатаевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебі» КММ директоры, «Жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту оқушылардың білім сапасын, функционалдық сауаттылығын арттыру факторы ретінде»;
Матюшкина Елена Николаевна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№6 гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі «Алгебра» пәні бойынша жаңартылған білім мазмұны аясында ҰБТ-ға дайындық»;
Әбішева Төлеутай Қалиқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ математика пәнінің мұғалімі «Алгебра» пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұны аясында қорытынды аттестаттуға және ҰБТ-ға дайындық ерекшеліктері»;
Старожилова Наталья Викторовна, «Н.А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ Шемонаиха ауданы информатика пәнінің мұғалімі «Информатика» пәні бойынша 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде жеке тұлғаға бағытталған тәсіл» тақырыптарында 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Онлайн-семинарды өткізу кезінде мұғалімдер 9, 11-сыныптарды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындауда кәсіби шеберлікті дамыту, теориялық және практикалық білімдерін жаңарту бойынша ұсыныстар алды.
Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.