
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығында 2021 жылғы 25 наурызда көктемгі демалыс мектебінің жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері үшін «Сабақта шығармашылық ойлауды дамыту - өз бетінше іздену, талдау, өзін-өзі жетілдіру және шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру жолдарының 9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау нәтижелеріне ықпалы» әдістемелік онлайн – семинары өтті.
Шараның мақсаты – білім алушылардың пәндік және жалпы оқу дағдыларын білудегі олқылықтарды қалпына келтірудің 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарды жүзеге асыруда 9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау барысында оқушының шығармашылық қабілеттерін оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізу және алған білімдерін нақты өмірде қолдана білуге дағдыландырудың тиімділігі бойынша әдістемелік көмек беру және тәжірибе алмасу.
Онлайн - семинарда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№10 мектеп-гимназия» КММ педагог-зерттеуші орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Л.А.Фоминых «Қорытынды аттестаттауға даярлық барысында орыс тіді және әдебиеті сабақтарында мәтінмен жұмыспен жасаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы таныстырылымында бағдарламаға сәйкес мәтінмен жұмыс жасау, оны таңдау талаптары бойынша пайдалы ақпараттар берді. Мәтін мысалында жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен де таныстырып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№34 мектеп-лицей» КММ педагог-зерттеуші орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Л.А.Шевнина «9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау барысында оқу қызығушылығын арттыру тәсілі ретінде орыс әдебиеті сабақтарында буктрейлерді қолданудың мүмкіндіктері» тақырыбында өз іс-тәжірибесінен оқушылардың қызығушылығы мен танымын арттыруда буктрейлерді қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізудің тиімділігін көрсетті.
Аталған іс-шараға орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері ассоциациясы төрағалары және мұғалімдерінен құралған 100 адам қатысты.
Кері байланыс барысында қатысушылар аталған тақырыптың өзекті екенін, көрсетілген таныстырылымдардан қажетті ақпараттар алғандарын айтып, сабақ беру үдерісі кезінде өздері қолданып жүрген тәсілдерімен де бөлісті.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері А.Ж.Кантаева.