«PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығы: жазба мәтіндерді түсіну мен рефлексиялау» тақырыбындағы онлайн-семинар

«PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығы: жазба мәтіндерді түсіну мен рефлексиялау» тақырыбындағы онлайн-семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы    2021 жылғы 25 наурызда көктемгі демалыс мектебіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығы: жазба мәтіндерді түсіну мен рефлексиялау» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Шараның мақсаты – PISA халықаралық зерттеуi бойынша оқу сауаттылығы арқылы оқушылардың жазба мәтіндерді түсініп, саналы оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасай алуы, олардың мазмұнын өмірмен байланыстыра алуы, бiлiмдері мен дағдыларын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдана білуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру,              іс-тәжірибе алмасу.

Онлайн-семинарда: Семей қаласы бойынша білім бөлімінің « № 23 орта  мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог -зерттеуші Ахметжанова Шынар Советовна;

Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Е.Рыков атындағы орта мектебі»КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші Мажинова Гульузум Бурамбаевна;

 Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебі» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог- зерттеуші Қабылова Салтанат Қалиқызы;

Аягөз ауданы бойынша білім бөлімің «Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші Туктиева Динара Юсуфбековна;

Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің  «Жезкент орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші Рахымбаев Бауыржан Мержанович өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған шарада әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығы бойынша мәтінмен жұмыс және тапсырмалар құру үлгісі көрсетілді, оқу сауаттылығында ұсынылған тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары қарастырылды.

Шараға аудандық, қалалық және облыстық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 100 мұғалімі қатысты.

Онлайн-семинар соңындағы кері байланыста педагогтер сұрақтарына жауап қайтарылды.

Модератор: Оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Сабиева Р.С.