Шығыс Қазақстан облысында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебаттық қозғалысының облыстық жолдастық турнирлерінің кезекті ойыны өтті

Шығыс Қазақстан облысында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебаттық қозғалысының облыстық жолдастық турнирлерінің кезекті ойыны өтті

«Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысын дамыту мақсатында облыстық білім басқармасымен жолдастық турнирлер өткізу кестесіне сәйкес 2021 жылы 18 наурыз күні ШҚО ББ IT-мектеп-лицейі және Ш.Уалиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей интернатының командалары арасында онлайн форматта үшінші кездесу өтті.

Жолдастық кездесуге қалалық, аудандық білім бөлімдерінің дебаттық қозғалысын дамытуға жауапты мамандар, білім беру ұйымдарының дебат клуб жетекшілері және оқушылар қатысты.

Ойын барысында екі ойыншыдан тұратын командалар – Үкімет («IT-мектеп-лицейі»), Оппозиция («Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей интернаты) «Эта палата разрешит корпорациям добывать полезные ископаемые только с согласия большинства населения территории, на которой они расположены» тақырыбын талқылады.

Палата Спикерлері - Райымбек Өмірбаев, Семей қаласының жастар ресурстық орталығының әдіскері, Қазез Жұмаханов, «Оратор» дебат клубының аға буыны сонымен қатар сайыстың төрешілері қызметін атқарды.

Турнир соңында қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, дебат қозғалысын дамыту бойынша жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізілді.