Колледждердің инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» тақырыбындағы облыстық қашықтықтан өткізілген вебинар қорытындысы

Колледждердің инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» тақырыбындағы облыстық қашықтықтан өткізілген вебинар қорытындысы

ШҚО білім басқармасымен 2021 жылғы 18 наурызда ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана  отырып, оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» облыстық қашықтықтан вебинары өткізілді.

Вебинар мақсаты - қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру процесінде оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану ерекшеліктерімен танысу, тәжірибе алмасу.

Вебинар алаңында FLIP PDF BUILDER бағдарламасында электрондық оқулық жасау тәжірибесімен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі педагогика пәнінің оқытушысы Бекшойнова Айсулу Еркинбековна бөлісті. М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы Кабимолдина Айгуль Кайрбековна  «Педагогика» пәнін қашықтықтан ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды. «Қашықтықтан оқу жағдайында білім алушыларға тапсырмаларды ұсынудың тиімді жолдары» тақырыбында М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы баяндама жасады.

Вебинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты. Вебинар жұмысына барлығы 60-тан астам адам қатысты.