ШҚО-да мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша дайындық жұмыстары басталды

ШҚО-да мемлекеттік білім беру тапсырысын  орналастыру бойынша дайындық жұмыстары басталды

ШҚО ТжКБ жүйесінде 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы табысты әрі қарқынды іске асырылуда.

Жоба аясында 2021 жылдың 17 наурызында ШҚО әкімінің орынбасары А.Мархабаттың төрағалық етуімен мәслихат, ЖАО, салалық мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық ұйымдар мен бизнес құрылымдар өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Комиссия 2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 6230 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін, сондай-ақ, 2021 жылғы 29 наурыз бен 02 сәуір аралығындағы кезеңде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін колледждерден өтінімдер қабылдау кестесі мен құжаттар топтамасын бекітті.

Бүгінгі таңда облыстағы 84 колледждің 74 колледжінде 21 858 студент тегін білім алуда, бұл күндізгі бөлімде оқитындардың жалпы санының 69% - ын құрайды.