«Абай шығармашылығындағы жалпы адамзаттық құндылықтар» тақырыбында өтетін ғылыми – теориялық дәрістің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Абай шығармашылығындағы жалпы адамзаттық құндылықтар»  тақырыбында өтетін ғылыми – теориялық дәрістің  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 11 наурыз күні облыстың жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Абай шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында (қашықтан) ғылыми – теориялық дәріс ұйымдастырады.

Шараның мақсаты – Абай шығармашылындағы жалпыадамзаттық құндылықтар ілімін оқыту әдістемесі арқылы қазақтың бас ақыны, Ұлы Абай шығармашылығындағы ақындық болмысын, ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту, бүгінгі күні шығармаларының орны мен сөз өнеріндегі Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау, ақын шығармаларын саралау.

Ғылыми – теориялық дәрісті Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеттің ф.ғ.к., доцент, «Қазақ әдебиеті» оқулығының авторы Актанова Айман Советовна оқиды.

Шараға аудандық, қалалық және облыстық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 100 мұғалімі қатысады.

Өтетін күні мен уақыты: 2021 ж., 11 наурыз, сағат 14.30.

Дәріс ZOOM платформасында өтеді.