Шығыс Қазақстан облысында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебаттық қозғалысының облыстық жолдастық турнирлері басталды

Шығыс Қазақстан облысында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебаттық қозғалысының облыстық жолдастық турнирлері басталды

«Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысын дамыту мақсатында облыстық білім басқармасымен жолдастық турнирлер өткізу кестесі бекітілген.

2021 жылы 04 наурыз күні Өскемен және Семей қалаларының командалары арасында онлайн форматта алғашқы кездесу өтті.

Жолдастық кездесуге қалалық, аудандық білім бөлімдерінің дебаттық қозғалысын дамытуға жауапты мамандар, білім беру ұйымдарының дебат клуб жетекшілері және оқушылар қатысты.

Дебат Америкалық парламенттік форматында (АПФ) өтті.

АПФ – бұл Парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Бұл формат дәл зерттеу мен дәлелдер жинауға емес, тез сыни ойлауға, логикалық ойлауға және сараптамалық талдауға негізделген.

Ойын барысында екі ойыншыдан тұратын командалар – Үкімет (Өскемен қаласы), Оппозиция (Семей қаласы) «Бұл палата қашықтан оқу жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек деп есептейді» тақырыбын талқылады.

Палата Спикерлері - Өскемен қаласының жоғары политехникалық колледжінің мұғалімі, дебат клуб жетекшісі Бақытжан Маратұлы Макаримов, облыстық студенттік дебат клубының мүшелері Али Еміл, Ақбота Абилмажинова жүргізіп, сонымен қатар сайыстың төрешілері қызметін атқарды.

Турнир соңында қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, дебат қозғалысын дамыту бойынша жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізілді.