Ө. Жолдасбеков атындағы математика - механика бойынша зерттеу жобаларының XI Халықаралық конкурсына Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының қатысу қорытындысы

Ө. Жолдасбеков атындағы математика - механика бойынша зерттеу жобаларының XI Халықаралық конкурсына Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының қатысу қорытындысы

2021 жылдың 1 мен 3 наурызы аралығында онлайн режимінде Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық конкурсы өтті.

Байқау оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен инфрақұрылымын жақсарту, математика ғылымдары саласында зерттеуге қызығушылық пен бейімділік танытатын оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді.

 Өз ғылыми жобаларын қорғауға Шығыс Қазақстан облысының  12 қатысушысына (8 жоба) мүмкіндік берілді.

Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша:

ІІ дәрежелі дипломмен Темирханова Аделия - Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;

ІІ дәрежелі дипломмен Мағазбеков Әли - Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;

ІІ дәрежелі дипломмен Траиспаева Дияра - Семей қаласы, №7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі дипломмен Байсенов Амир - Өскемен қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы №39 мектептің 11 сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі дипломмен Боровикова Александра - Семей қаласы,  №38 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі дипломмен Матрахов Кирилл - Семей қаласы, №38 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы марапатталды.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиадаға қатысушыларға, олардың ұстаздары мен ата-аналарына табыстар тілейміз.