«Оқушылардың математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» онлайн-семинарының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Оқушылардың математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» онлайн-семинарының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Облыстық математика мұғалімдері педагогикалық Ассоциациясының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО ББ Өскемен қаласының білім беру бөлімінің «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ирина Викторовна Ильгованың педагогикалық тәжірибесін тарату және жалпылау бойынша облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» онлайн-семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты - PISA және TIMSS есептері арқылы оқушылардың математикалық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістері мен формалары бойынша тәжірибе алмасу.

Онлайн-семинар 2021 жылдың 11 наурызында сағат 14.00-де ZOMM платформасында өтеді.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, оқыту мазмұны және білім беру сапасының мониторингісі кабинетінің әдіскері, 877749663777.