«Әлем Covid-19-ға қарсы» тақырыбында ТжКБ жүйесі студенттері арасында «Үздік компьютерлік графика және дизайн» мемлекетаралық онлайн-байқауы

«Әлем Covid-19-ға қарсы» тақырыбында ТжКБ жүйесі студенттері арасында «Үздік компьютерлік графика және дизайн» мемлекетаралық онлайн-байқауы

Заманауи техникалық маман - өз ісінің кәсіби маманын даярлаудағы сандық технологиялармен және графикалық дизайн саласындағы жұмыстың практикалық дағдыларымен тығыз байланысты.

Осыған орай, ШҚО білім басқармасының басшылығымен ІТ бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестігі және Семей қаржы-экономикалық колледжі 2021 жылдың 8-26 ақпан аралығында ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Үздік графика және дизайн» мемлекетаралық онлайн-байқауын өткізді.

Онлайн-байқауға ШҚО колледждерінің 19 студенті және Қазан сауда-экономикалық колледжінен (РФ) 2 студент қатысты.

Байқау «Әлем Covid-19-ға қарсы» атты өзекті тақырыпты қозғады. Байқауға студенттер осы мәселеге өз көзқарастарын білдіретін өзіндік, шығармашылық жұмыстарын ұсынды.Байқау нәтижелерін Семей қаласы кәсіпорындарының дизайнерлері, өндірістік қызметте компьютерлік графика және дизайнмен айналысатын құзыретті қазылар алқасы қорытындылады.Байқаудың үздік жұмыстары ШҚО кәсіптік білім беру орталығының  дипломдарымен марапатталды:

-  «Семей» колледжі: А.А. Алексеев - 1 орын;  

-  «Семей» колледжі: В.А. Щетинин – 2 орын;

- «Гуманитарлық-экономикалық колледжі»: Д.Д. Касымов– 3 орын.

Сондай-ақ, студенттер 6 номинация бойынша мадақтамалармен марапатталды:

 - «Семей» колледжі: В.А. Ловцова, А.Н. Тортаев,  А.Т. Амангалиева;

-  «Радиотехника және байланыс колледжі»: А.Р. Вахреев;

-  «Өскемен экономика және қаржы колледжі»: А.С. Турганов;

-  «Геологиялық барлау колледжі»: А.Утегенов.