Алғыс айту күні.

Алғыс айту күні.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында алғаш рет жыл сайын 1 наурызды барлық этностардың бір-біріне және түрлі этностардың қуғын-сүргін мен депортациялау жылдарында мейірімділік танытқан қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынғаны белгілі.

Алғыс айту күні қарсаңында 2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында облыстың барлық 647 мектебінде іс-шаралар өткізілді, оған 183551 оқушы қатысты.

22 ақпан «Тарихқа тағзым күні» деп жарияланды. Бұл күні кітапхана меңгерушілері "Әлемге алғыс" атты Қазақстанға этностардың қоныс аудару тарихы, Алғыс айту күнін тойлау тарихы туралы  кітаптар мен фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды.

23 ақпан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу «Қайырымдылық күні» аясында «Игі істер марафоны» ұлттық жобасы өтті. Осы күн аясында оқушылардың, ата-аналардың, еріктілердің қатысуымен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсетуге бағытталған «Жан жылуы» акциясы өтті.

24 ақпан - "Шабыт күні". Облыстың барлық мектептерінде "Ынтымағы жарасқан Қазақстан" тақырыбы бойынша оқушылардың суреттері мен қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

25 ақпан - "Ықылас күні". Оқушылар "Мың алғыс", "Жүрек жылуы", бейнероликтерінің челленджін іске қосты, онда ата-аналарына, мұғалімдеріне, дәрігерлеріне, достарына өз тілектерін айтты.

26 ақпан және 1 наурыз - "Алғыс айту-парызым", "Алғыс айту шек жоқ" тақырыптарында сынып сағаттары жоспарлаған.