«Абайдың «Толық адам» ілімін оқыту мәселелері» тақырыбында ғылыми – теориялық дәріс

«Абайдың «Толық адам» ілімін оқыту мәселелері»  тақырыбында ғылыми – теориялық дәріс

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 25 ақпан күні облыстың жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Абайдың «Толық адам» ілімін оқыту мәселелері» тақырыбында ғылыми – теориялық дәріс ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – «Абайдың «Толық адам» ілімін оқыту әдістемесі арқылы қазақтың бас ақыны, Ұлы Абай шығармашылығындағы ақындық болмысын, ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту, бүгінгі күні шығармаларының орны мен сөз өнеріндегі Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау, ақын шығармаларын саралау.

Ғылыми – теориялық дәрісті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің филология ғылымдарының докторы, абайтанушы-ғалым, профессор Қартаева Айжан Маратбекқызы оқыды. Өз дәрісінде абайтанушы-ғалым ақын шығармашылығын саралай отырып, Ұлы ақынның адамгершілік идеялары мен ақындық болмысы арқылы Абайдың «Толық адам» ілімін оқыту мәселелеріне тоқталды.

Шараға аудандық, қалалық және облыстық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 100 мұғалімі қатысты.

Дәріс соңында қатысушылар сұрақтарына толыққанды жауап алды. Ұйымдастырылған кері байланыс сәтінде қатысушылар дәрістен алған теориялық білімді қазақ әдебиеті сабағында, «Абайтану» элективті курс және сыныптан тыс шаралар барысында қолдануға тиімділігі туралы пікірлерін білдірді.