«Латын графикалы жаңа әліпби негізінде ұлттық жазуды жаңғырту» атты танымдық – ақпараттық сабақ

«Латын графикалы жаңа әліпби негізінде ұлттық жазуды жаңғырту» атты танымдық – ақпараттық сабақ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 25 ақпан күні 2021 жылғы 28 қаңтардағы Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес Президент тапсырмасы негізінде «Қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы» насихат жұмыстарын жүргізу аясында мектепке дейінгі мекемелердің педагог қызметкерлері (тәрбиеші, әдіскер) және жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Латын графикалы жаңа әліпби негізінде ұлттық жазуды жаңғырту» атты танымдық–ақпараттық сабақ өткізу жұмысын бастады.

Аталған танымдық–ақпараттық сабақтың (қазақ тілінде) барлық аудандарда өткізілу кестесі жасалды.

Алғашқы шара 2021 жылғы 25 ақпан күні Абай ауданы және Алтай қаласының мектепке дейінгі мекемелердің педагог қызметкерлері (тәрбиеші, әдіскер) және жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері үшін өткізілді.

Шараға екі ауданнан 200-ден аса педагог қатысты.

Ақпараттық сабақ барысында тыңдаушыларға ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушы-тренерлері: Л.Әбилмажинова «Жетілдірілген әліпбидегі жаңалықтар»; Л. Қайдарова «Жетілдірілген әліпбидегі я, ю әріптерінің таңбалануы»; Ә. Мамыранова «Жетілдірілген әліпби бойынша көздағды қолданысын қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды.

Кері байланыс аясында педагогтер танымдық –ақпараттық сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Латын негізді графикасына көшу – заман талап етіп отырған қажеттілік екендігі айтылды.

Аталған шара жоспарланған кестеге сәйкес жалғасын табады.