ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында ағылшын тілінен өткен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында ағылшын тілінен өткен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

2021 жылғы 22 - 24 ақпан аралығында ШҚО білім басқармасымен ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында ағылшын тілі пәні бойынша облыстық қашықтықтан өткізілген олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Олимпиада тілдік пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Қашықтықтан өткен олимпиадаға колледждердің 40-тан астам студенті қатысты.

Олимпиада мақсаты: шет тілдік коммуникативтік құзыреттілікті дамыту («WorldSkills» чемпионаттарына дайындық шеңберінде).

Ағылшын тілі пәні бойынша облыстық қашықтық олимпиадасы 3 турда өткізілді. Бірінші кезең тестілеу түрінде өтті. Олимпиаданың 1-ші турының қорытындысы бойынша 25 қатысушы 2-ші турға өтті. 2-ші турда студенттер «Менің мамандығым» тақырыбындағы монолог ретінде сөйлеу дағдыларын көрсетті. Олимпиаданың 2-ші турының қорытындысы бойынша 11 қатысушы 3-ші турға өтіп, жалпы тақырыптар бойынша әңгімелесу жүргізілді. Олимпиаданың 3 турының қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын – Алина Адылбеккызы Кабдуалиева («Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ);

ІІ орын – Наталья Александровна Корнилович («Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК), Асанали Мейрамбекович Утегенов («Геологиялық барлау колледжі» КМҚК);

ІІІ орын – Саида Маратовна Габаева («Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі» мекемесі), Камила Бердибекқызы Рысбекова (Қазақстан-Американдық еркін университетінің жоғарғы колледжі).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!