«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық қашықтық кезеңін өткізу АНОНСЫ

«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық қашықтық кезеңін өткізу  АНОНСЫ

2021 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық қашықтық кезеңін өткізеді.

Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.

Форумға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Форумға қатысушылардың жас мөлшері: 14-17 жас (18 жасқа дейін).

Форум 4 номинация бойынша өткізіледі:

1) «Осындай мамандық бар» – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы;

2) «Мамандық таңдайтын уақыт келді» - видеовлог байқауы (бейне әңгіме);

3) «Мен мамандықтар әлеміндемін» - әдеби байқау (эссе);

4) «Мамандық кеше, бүгін, ертең» - вайн байқауы. Байқауға белгілі бір мамандық бойынша әлеуметтік желілерге арналған ойын-сауық бейне-контенті - вайндар ұсынылады.

Форумның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары форумның республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДҚББД ШҚ ҒӘ Дарын, немесе 8 (7232) 75-26-91 қоңырау шалуға болады.