ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ

ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ

2021 жылғы 10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталды.

Аталған жоба ел тұрғындарын ізгілікке, мейірімділікке үндеп, қайырымды істер жасауға шақырады.

Осыған орай, барлық мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарды, бизнес өкілдерін, волонтерлық қозғалыстарды жұмылдыру арқылы осындай қиын кезеңде елімізде игі істер жасап, қоғамды ізгілікке жұмылдыруды, барлық азаматтардың қатысуымен қайырымды істер жасауға бағытталған жұмыстарды күшейтуді сұраймыз.

Жалпыұлттық жоба аясындағы шаралар республикалық және жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, қайырымды істердің ұйытқысы болған азаматтардың игі бастамалары қоғамда кеңінен насихатталуы қажет.

Бүгінгі таңда жобаның тұжырымдамасы, визуалдық безендіру эскизі әзірленді және оны шаралар мен акцияларды ұйымдастыруда пайдалану үшін қосымша жіберіледі.

Жобаның ресми хэштегтері: #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ, #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ

Нұсқаулық