«2020-2021 оқу жылында «Информатика» пәні бойынша 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау» онлайн-семинарының қорытындысы

«2020-2021 оқу жылында «Информатика» пәні бойынша 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау»  онлайн-семинарының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 12 ақпанда «2020-2021 оқу жылында «Информатика» пәнінен 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау» онлайн-семинарын өткізді.

Мақсаты - жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша негізгі орта білім беруді қорытынды аттестаттаудың жаңа форматымен таныстыру.

Онлайн-семинарға «Информатика» пәні қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын) пән мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.

Оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері А.Х.Желпакова семинар тыңдаушыларын орта білім беру ұйымдарында 9 сынып оқушыларына қорытынды аттестациялау жүргізу тәртібі жайлы нұсқаулығымен таныстырып, ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 негізгі бұйрығына өзгерістері және толықтыруларымен 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрық бойынша шолу түсіндірмесін берді.

Жұмыс тобының мүшелері, спикерлер, Т.А.Алиева, Семей қаласының «Т.Аманов атындағы №16 орта мектебі» КММ  информатика пәнінің мұғалімі, Т.А.Баранова, «Опытнопольское орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған аталған пәннің үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын қамтитын «Информатика» пәні бойынша қорытынды аттестаттауға тапсырмаларды дайындау ерекшелігін түсіндірді, жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған мектептер, арнайы ұйымдар, арнайы сыныптар мен топтар үшін қорытынды аттестаттау тапсырмаларының нұсқаларын әзірлеу мысалын балл қою сұлбасын  көрсетті.

Пән мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ететін білім алушыларды емтиханға дайындауда танымдық және практикалық материалдарды алды.

А.Х.Желпакова мұғалімдерге қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде қорытынды аттестаттау тасырмаларын пайдалану, ұқсас тапсырмаларды өздігінен әзірлеп, әр сабаққа енгізу, БЖБ-ге ұқсас тапсырмаларды қосу ұсынылды.

Қорытынды аттестаттауға дайындық материалдары: қорытынды аттестаттауға дайындық нұсқаулығы мен алгоритмі аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жіберілді.