
2020 жылдың 20 қарашасынан бастап, 2021 жылдың 12 ақпанына дейін «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы ақпараттық кампанияның іс-шаралары облысымыздың барлық білім беру ұйымдарында өтті.
Дәстүрлі іс-шараның мақсаты: азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту, оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар әлеміне тарту, тәрбие және білім беру жүйесінде біздің ұрпақтың ұлттық сана-сезімін дамыту.
Іс-шара барысында облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы фильм көрсетілді.
Оқушылардың «Рух батыры»-«Happy hause»-«Дом счастья»-«Бақыт ұясы» шығармашылық жобалар байқауы, «Адамгершілік пен руханияттың Хрустальді бұлағы» балалар шығармашылығының фестивальі, «Махаббатқа толы жүрек» эссе байқауы, «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу байқауы, «Алтын жүрек» челленджі (құттықтау бейнероликтерін дайындау және эстафетаны беру), «Асыл жүрек» фото көрмелері ұйымдастырылды.
Барлық білім беру ұйымдарында 2020 жылдың қараша айында «Барлығын жүрегіңмен өлше» атты өзін-өзі тану педагогтерінің ашық сабақтары өткізілді, ақпан айында «Махаббат жолындағы өмір» атты өзін-өзі танудың Республикалық бірыңғай сабағы өтті.
Мектеп кітапханаларында «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана меңгерушілері «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның өмірі, қызметі туралы ақпарат дайындады.
Көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көмек көрсету мақсатында демеушілерді тарта отырып, «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» ақпараттық кампанияның іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 3 ақпанда аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, өзін-өзі тану мұғалімдеріне және ата-аналарға арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасының нәтижелері: тәжірибе мен даму мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің педагогикалық ұжымы 2017-2020 жылдар аралығында пилоттық жобаны жүзеге асыру іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар Instagram, Youtobe, Fasebook тікелей эфирінде көрсетілді.
Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ өзін-өзі тану пәні мұғалімі Тагиева И.Т. «Өзін-өзі тану пәнінің Үздік педагогі» республикалық байқауына қатысып, бас жүлдені иеленді, 3 орынды Күршім ауданының «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ өзін–өзі тану пәнінің мұғалімі Машаева А.Б., 2 орынды Аягөз ауданының «№9 Аягөз қалалық аралас бастауыш мектебі» КММ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Узбекова Қ.С. иеленді.
Облыс мектептерінің өзін-өзі тану мұғалімдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған «Өзін-өзі тану: балаға арналған миссия» халықаралық форумына қатысты, онда республикалық конкурстың жеңімпазы И.Т. Тагиева «Барлық жақсылықтар отбасымен байланысты» баяндамасымен сөз сөйледі.