«Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасы-инновациялық орталық алаңы» іс-тәжірибе алмасу диалогтік онлайн - тәжірибе алаңы

«Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік  зертханасы-инновациялық орталық алаңы»  іс-тәжірибе алмасу диалогтік онлайн - тәжірибе алаңы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 10 ақпан күні облыстың жалпы білім беру ұйымдарының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне және  Қ.Бітібаева  атындағы зертхана жетекшілеріне арналған «Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасы-инновациялық орталық алаңы» іс-тәжірибе алмасу диалогтік алаңы өткізілді.

Әдістемелік тәжірибе алаңының мақсаты – Қ.Бітібаева атындағы ғылыми -әдістемелік зертхана жұмысын жандандыру, оқу- тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу үлгірімін жоғарылатуға бағытталған педагогикалық-инновациялық іс-тәжірибелерімен бөлісу.

Тәжірибе алаңында Қ. Бітібаева атындағы зертхана жетекшілері: Нұр-Сұлтан қаласы, «№64 мектеп-лицейі» КММ Алтынгул Шотпаева «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ әдебиетін оқыту»;

Аягөз ауданы, «№6 орта мектебі» КММ Алпысбаева Жанар Саяжанқызы «Шығармашылық жұмыс-жеке тұлғаны шыңдаудың көзі»;

Алтай қаласы, «№9 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ              Жанабилова Айжан Кенесовна «Қашықтықтан оқытуда  Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдарының тиімділігі»;

Аягөз қаласы, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ  Борбасова Айнұр Молдағалиқызы «Рухани жаңғыру—білімнің салтанат құруы»;

Жарма ауданы, «Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Имангалиева Меруерт «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда  Қ.О. Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының тиімділігі»;

Тарбағатай ауданы, «Қ. Біләлов атындағы мектеп- лицейі» КММ     Тантаева Жанар Советовна «Қ.Бітібаеваның озық іс- тәжірибесі- оқытудың өнімді жолы»;

Глубокое ауданы, «О.Бөкей атындағы орта мектеп» КММ Бельгибаева Асел Байбөріқызы «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы-білімді шығармашылық деңгейге көтерудің тиімді тәсілі;

Семей қ, «№37 гимназия» КММ Жакенова Құралай Құралтайқызы «Қашықтан оқыту кезінде "Дәуірдің дара ұстазы" атанған Қанипа Бітібаева шығармашылығы тәрбие мен сабақ үдерісінде»;

Күршім ауданы, Бигалиева Рахима Мухаметжановна «Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ "Қашықтан оқыту жағдайында педагогтің шығармашылық ізденісі" тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тәжірибелік алаң соңында кері байланыс барысында қатысушылар шараның маңыздылығын атап, алдағы уақытта оқушылардың білім сапасын арттырудағы белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша пікір алмасты.

Шараға қатысушылар дәстүрлі және қашықтан оқыту жағдайында оқушылардағы пәндік білім олқылықтарын жою жөнінде ұсыныстар алды.

Аталған шараға аудан, қалалардың жалпы орта білім беру ұйымдарынан пән мұғалімдері, облысымыздағы Қ. Бітібаева атындағы зертхана жетекшілері, ассоциация жетекшілері мен білім бөлімдерінің әдіскерлерінен құралған 100 адам қатысты.

 

Жауапты: Оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Сабиева Р.С.