«Табысқа бастау» - «Физика» пәні бойынша дарынды балалармен жұмыстың тиімділігі» онлайн-семинарының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Табысқа бастау» - «Физика» пәні бойынша дарынды балалармен жұмыстың тиімділігі» онлайн-семинарының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін мектептерінің физика пәні мұғалімдерге арналған «Табысқа бастау» - «Физика» пәні бойынша дарынды балалармен жұмыстың тиімділігі» онлайн-семинарын өткізеді.

Мақсаты - дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс істеу ерекшеліктері мәселелерінде педагог қызметкерлердің құзіреттілік деңгейін арттыру.

Онлайн-семинар барысында физика пәні мұғалімдері: Б.Т. Есжанова, педагог-шебер, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жас Ұлан мамандандырылған ерлер мектеп-интернаты» КММ физика пәні мұғалімі; Тұрарбекұлы Ануарбек «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ жоғары санатты физика пәні мұғалімі; Мырзахметов Арман Дарханұлы педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ физика пәні мұғалімі; Бутова Ирина Владимировна, ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебі» КММ физика мұғалімі іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Онлайн-семинар 2021 жылдың 29 қаңтарында өтеді.

Өткізу уақыты: қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін сағат 15.00-де.