«Өлкетану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» онлайн-панорамасының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Өлкетану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» онлайн-панорамасының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих, қазақ тілі, география және музыка пәндері мұғалімдері үшін «Үздік өлкетану сабағы-2020» облыстық байқауының жеңімпаздарының іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Өлкетану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» облыстық онлайн-панорамасын өткізеді.

Мақсаты – өлкетану сабағын оқытуда аймақтық компонентті пайдаланудағы тиімді тәсілдерімен тәжірибе бөлісу.

Онлайн-панорамада облыстық байқаудың жеңімпаздары: Ахметжанова Гүлназ Каматаевна, педагог- зерттеуші, Зайсан қаласы, «Ю. Гагарин атындағы орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Ләззат Маутхан, педагог-зерттеуші, Өскемен қаласы «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі; Арманова Айдана Арманқызы, педагог-модератор, Зайсан ауданы, «Жамбыл атындағы негізгі орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі; Тукпиева Ансаган Ибраевна, педагог- зерттеуші, Тарбағатай ауданы, «Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі»КММ музыка пәнінің мұғалімі іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Өтетін мерзімі: 2021 жыл 21 қаңтар, сағат 15.00-де қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін.