17-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы

17-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы

2021 жылдың 7-12 қаңтары аралығында республиканың барлық аймақтарында қашықтық форматында математика, физика және информатика бойынша 17-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты - елдер арасындағы қатынастарды дамыту, ғылыми білімді насихаттау және физика-математика мектептері арасындағы байланысты нығайту.

Олимпиадаға әлемнің 21 елінен (Қазақстан, Ресей, Белорусь, Болгария, Сербия, Румыния, Грузия, Индонезия, Армения, Дания, Қырғызстан, Түрікменстан, Австралия, Иран, Үндістан, Моңғолия, Әзірбайжан, Түркия) 1000-нан астам оқушы 146 команда құрамында қатысты. Әр команда құрамы 3 математиктен, 2 физиктен, 2 информатиктен тұрды.

Шығыс Қазақстан облысының атынан 7 оқушы республикалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысты.

Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша:

ІІ дәрежелі дипломмен Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Оралханов Дінмұхамед марапатталды (информатика).

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Мұхаметкәрім Қаныш – Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);

- Жумагалиев Данияр – Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы марапатталды (математика).

 

Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз!