Облыстық «Зертханалық жұмыстар арқылы оқу мен оқытудың тиімділігін арттырудың маңыздылығы» әдістемелік керуені

Облыстық «Зертханалық жұмыстар арқылы оқу мен оқытудың тиімділігін арттырудың маңыздылығы» әдістемелік керуені

2021 жылдың 6 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен  БАҰО «Өрлеу» ШҚО бойынша БАИ бірлесіп 2020-2021 оқу жылындағы қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің биология, химия және география пәні мұғалімдері үшін «Биология», «Химия» және «География» пәндері қауымдастықтарының жұмысы шеңберінде «Зертханалық жұмыстар арқылы оқу мен оқытудың тиімділігін арттырудың маңыздылығы» облыстық әдістемелік керуенін өткізді.

Мақсаты қашықтан оқыту кезінде виртуалды зертхана жұмыстарын жүргізу және модификациялық кабинеттерді пайдалану мүмкіндігі бойынша облыстың биология, химия және география пәні мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу.

Әдістемелік керуен барысында облыстық қауымдастық мүшелері және білікті мұғалімдер:

Чакеева Еркеш Серикбаевна педагог-зерттеуші, Семей қаласы «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп», биология пәні мұғалімі «Зертханалық жұмыстарды өткізуде модификациялық кабинеттердің мүмкіндігі»;

Нугманова Айдана Бахтыбекқызы Семей қаласы «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ, ІІ санатты биология пәні мұғалімі «Жаңартылған білім мазмұнын ашуда заманауи үлгідегі кабинеттердің мүмкіндігі»;

Архыматаева Арай Жаксылыковна Семей каласы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ, жоғары санатты биология пәні мұғалімі «Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды қашықтық жағдайында өткізу»;

Мусабаева Динара Дюсупкызы педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп лицей-интернаты» КММ, биология пәні мұғалімі «Виртуалды зертхананың мүмкіндіктері»;

Елеусизова Шолпан Турсумбековна педагог-зерттеуші, Семей қаласы «№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, биология пәні мұғалімі «Оқушылардың ғылыми, зерттеушілік ізденісін қалыптастыру арқылы өзіндік жұмысты ұйымдастыру» ;

Даулетбаева Айгерим Жастлековна Бесқарағай ауданы «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп», І санатты биология пәні мұғалімі «BIOINTECH Living nature design» бұл бағдарлама табиғи процестер  негізінде теориялық модель құру және әрі қарай технологияларда қолдану» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

БАҰО «Өрлеу» ШҚО бойынша БАИ білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы, жаңартылған білім мазмұны негізіндегі биология пәні бойынша тренер Жаксылыкова Гульмира Идришевна «Зерттеуге негізделген оқу арқылы оқушылардың функционалды  сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында облыс мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіп, әдістемелік керуенді қорытындылады.

Керуен соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алды.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам биология, химия және география пәнінің мұғалімдері қатысты.

Модераторлар: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы  ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері, Жаксылыкова Гульмира Идришевна БАҰО «Өрлеу» ШҚО бойынша БАИ білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы.