Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-конкурсының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-конкурсының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-конкурсын өткізеді.

Сайыстың мақсаты: Табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметке деген ынтасын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау арқылы балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.

Байқауға ШҚО жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары қатысады. Конкурс екі номинация бойынша 3 жас санатында (6-9 жас, 10-12 жас, 13-16 жас) өткізіледі:

- «Сурет» номинациясы: акварель, гуашь, акрил, май.

- «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы: жұмсақ ойыншық, патч тігісі (жамау), гобелен, батик, витраж .

Конкурстық жұмыстарды құрамына өңірдің жетекші суретшілері мен қосымша білім беру оқытушылары кірген құзыретті қазылар алқасы бағалайтын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша 2020 жылдың 15 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында оқушылардың үздік жұмыстарының көрмесін ұйымдастырады және байқау жеңімпаздарын марапаттайды.

Көрме-конкурстың жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Оқиғаларды жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін Қ. Кайсенов көшесі, 67 мекен-жайындағы көрмеге қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел.: 8/7232/70-02-44, e-mail: vk_daryn@mail.ru.