Республиканың үздік 100 студенті атану құқығы

Республиканың  үздік 100 студенті атану құқығы

Қыркүйектің 5-і мен 20-сы аралығында облыс, республика аясында «Қазақстан Республикасы колледждерінің 100 үздік студенті» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жоба техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын 100 үздік студентті анықтау мақсатында жасалған.

Өз оқу орындарында үздік деп танылған студенттер облыста ұйымдастырылған жобаның ішкі және аймақтық кезеңдерінде өздерін болашақ маман ретінде және қоғамдық жұмыстардағы белсенділіктерін көрсетті. Колледждегі, аймақтағы және республикадағы студент жастар қызметінің дамуына арналған өз жобалары мен идеяларын ұсынды.

Аймақтық кезеңге 24 колледжден  барлығы 40 студент қатысты. Жоба қортындысы бойынша  респуликалық онлайн кезеңге қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысының  келесі оқу орындарынан 21 студенттің материалдары жіберілді: «Геологиялық барлау колледжі», ««Авиценна»  медицина колледжі», «Аманжолов атындағы ШҚМУ жоғарғы колледжі», «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі», «Глубоковка аграрлық колледжі», «Электротехникалық колледж»,

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж», «Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище», «Құрылыс колледжі», «Өскемен медициналық колледжі», «Көлік колледжі»,  «Д.Калматаев атындағы жоғарғы медицина колледжі», «Бизнес және  сервис колледжі»,  «Серебрянск технологиялық колледжі», «Өскемен   экономика және қаржы колледжі», «Семей қаржы-экономика колледжі», «Индустриальды–технология колледжі».

Ағымдағы жылдың қазан айында ТОП 100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS интернет ресурста байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Бідің студенттеріміз облысты лайықты түрде қорғап шықты.Көлік колледжінің студенті Фархадов Ислам Фархадұлы 2341 дауыспен үздік ондықтың қатарына кірді. Студенттер: Щепетин Олег («Д.Калматаев атындағы жоғарғы медицина колледжі»-1964 дауыспен), Жасыбаев Досымхан «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі»-1516 дауыспен), Жақсыбаева Аружан-1136 дауыспен, Нуракаева Шырын-1199 (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж), Адиков Адиль («Өскемен медициналық колледжі» -1207), Бухарова Назгүл («Семей қаржы-экономика колледжі»-739), Касенова Алима  («Геологиялық барлау колледжі»-688 ) дауыспен республиканың  үздік 100 студенті атану құқығына ие болды және ҚР Білім министрлігінің мадақтамаларымен марапатталды.

 Әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер 2021 жылы оқу бітіретін колледж түлектері: Фархадов Исламға (Көлік колледжі), Щепетин Олегке («Д.Калматаев атындағы жоғарғы медицина колледжі»), Жасыбаев Досымханға («Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі») Нуракаева Шырынға («М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі») жұмыс орындарын ұсынып, оларға жолдама  берілді.

Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз. Оларға денсаулық, оқуда ,қоғамдық жұмыстарда белсенділік,  келешектегі кәсіптік қызметте табыс тілейміз.Қазастан республикасын дамытуға бағытталған барлық  жобаларыңыз бен армандарыңыз орындалсын!