Мұғалімдер күні мерекесін атап өту аясында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 1-28 қыркүйек аралығында білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Ūstazym menіŋ, ūstazym!» атты облыстық бейнероликтер конкурсын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты - мұғалім мамандығын дәріптеу және оқушылардың ақпараттық-графикалық мәдениетін арттыру болып табылады. Байқауға білім беру ұйымдары оқушыларының 35 жұмысы ұсынылды.
Жұмыстарды бағалау нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы жеңімпаздарды анықтады:
1-4 сыныптар:
1 орын:
- Жанахмет Ықылас Қайратұлы, 2 сынып оқушысы, «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ Зайсан ауданы, (жетекшісі Магапиянова Камшат Оразбековна).
2 орын:
- Дәулетбек Дана Дамирқызы, 4 сынып оқушысы, «Берел орта мектебі» КММ Катонкарағай ауданы, (жетекшісі Әутәліпова Айман Бақытбекқызы ).
- орын:
- Ерзатқан Нұрислам, 2 сынып оқушысы, «Сәрсен Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ Ұлан ауданы, (жетекшісі Жеңісбек Нұрбан ).
5-7 сыныптар:
1 орын:
- Қайырхан Ермек Азаматұлы, 6 сынып оқушысы, «Рыков атындағы орта мектебі» КММ Катонқарағай ауданы, (жетекшісі Қайырханова Құралай Тастанбекқызы ).
- орын:
- Қизаш Бексұлтан, 5 сынып оқушысы, «Жарсу орта мектебі» КММ Зайсан ауданы, (жетекшісі Нукиева Толкын Адильбековна ).
- орын:
- 5-6 сынып оқушылары «Феникс» тобы, Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Гуманитарлық-техникалық колледж» ЖШС жанындағы мектеп-гимназиясы, (жетекшісі Светличная Авэль Анатольевна).
8-11 сыныптар:
1 орын:
- Медеубаева Еркежан, 11 А сынып оқушысы, «Сауыр жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Зайсан ауданы, (жетекшісі Назарбекова Айерке Бейбітқызы ).
2 орын:
- Сейіт Арлан 10 сынып оқушысы, "Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі" КММ Өскемен қаласы, (жетекшісі Байрова Гульназ Оралбековна).
3 орын:
- «Қаратай» тобы 10 сынып оқушылары, «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ Катонқарағай ауданы, (жетекшісі Рақышов Рүстем Саматұлы).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Байқауға қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз!