
Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарындағы 7–11 сыныптың 13 825 оқушылары. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026–2027 жылдарға арналған Медиа-жоспары және Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту жөніндегі 2025–2028 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында кәсіптік диагностикадан өтті.
Диагностика барысында оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктері, құзыреттері, кәсіби мотивациясы және мамандық таңдауға саналы көзқарасы анықталды. Кәсіби бағыттылықты айқындау мақсатында Mansap.enbek.kz, Edukey.kz платформалары және Е.А. Климовтың дифференциалды-диагностикалық сауалнамасы қолданылды.
Диагностика нәтижелері оқушылардың кәсіби бағыттары мен қызығушылықтарын ескеруге, сондай-ақ олардың жеке бейімділіктері, қабілеттері мен кәсіби қалауларына сәйкес одан әрі кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға негіз болды.