ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АЙБЫН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНДА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ОҚУШЫЛАР КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АЙБЫН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНДА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ОҚУШЫЛАР КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

VI республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы шығарылды. Жиын әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа нысандарын әзірлеу, өскелең ұрпақтың бойында ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Екі ай бойы еліміздің барлық өңірлерінен әскери-патриоттық клубтардың, «Жас ұлан» республикалық мектептерінің және облыстық әскери мектеп-интернаттарының, ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жанынан құрылған әскери-патриоттық клубтардың 39 командасы (15 адам, оның ішінде: 10 ұл және 5 қыз) арасында табанды күрес жалғасты.

Облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында Шығыс Қазақстан облысының «Жас Қыран» әскери-патриоттық спорт клубының командасы 1 жалпы командалық орынды иеленіп, тамаша нәтиже көрсетті.

2020 жылдың 26 қарашасында ШҚО «Жас Қыран» әскери-патриоттық спорт клубы оқушылары командасының капитаны Икласова Ажар Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен салтанатты марапаттау рәсімінің жабылуына қатысты. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қатысты. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шығыс Қазақстан командасының әрбір қатысушысы сыйлыққа электросамокаттар алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Балаларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!