ШҚО білім басқармасы ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру және жаңарту туралы хабарлайды

ШҚО білім басқармасы ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру және жаңарту туралы хабарлайды

ШҚО білім басқармасы ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру және жаңарту туралы хабарлайды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі жұмысын ұйымдастырудың үлгі ережесінің 2-тарау 10-тармағына сәйкес Қамқоршылық Кеңестің құрамына кіреді:

1) білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері;

2) мемлекеттік, өкілді органдардың өкілдері;

3) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

4) меценаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.

Қамқоршылық Кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстарды, өтініштерді қабылдау ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында және ШҚО білім басқармасында  2026 жылдың 3 қыркүйегінен 23 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.

білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік, өкілді органдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, меценаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері