Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсының корытындысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсының корытындысы

«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманынан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...» 

                                                                                            Н.А.Назарбаев.

 

Биыл еліміз үшін айтулы оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Қазақстандықтар 30 жыл бойы Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған қуатты, серпінді, заманауи мемлекет құру жолында бірлесе еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың облыстық конкурсын өткізу игі дәстүрге айналды.

2020 жылғы 20-26 қарашада Шығыс Қазақстан облысының 170-тен астам көшбасшылары мен белсенділері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конкурсқа қатысты.

Конкурс дәстүрлі түрде бірнеше кезеңде өткізілді. Белсенділер мен көшбасшылар қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын білуге арналған зияткерлік қашықтық конкурсына қатысты.Команда капитандары «Бір ел, бір тағдыр» деректі фильмін көру қорытындысы бойынша «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында эссе жазды.

Қорытынды кезең – Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған бейне қойылым ең әсерлі және көзтартарлық сайыс болды. Әр команда өзінің шағын қойылымында Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығынан үзінділер көрсетті.

Қатысушылардың жұмыстарын құрамына жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, атқарушы билік органдарының өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, қоғам қайраткерлері кірген құзыретті қазылар алқасы бағалады. Олар барлық командалар байқауға айтарлықтай жауапкершілікпен қарап, жоғары дайындықпен ерекшеленгенін атап өтті.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Zoom платформасы және Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимінде өткізілді. Салтанатты марапаттауда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Т.Шаухина, қазылар алқасының төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» партиясы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.Л.Краснобаева құттықтау сөз сөйледі.

Бірнеше кезеңде өткен конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қазылар алқасы жалпыкомандалық есепте, сонымен қатар әр айналым бойынша анықтады.

Конкурс қорытындысы бойынша Бас Жүлде Семей қаласының командасына берілді.

І орын:

- Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатына,

- Аягөз ауданының командасына;

ІІ орын:

  • Зайсан ауданының командасына,
  • Күршім ауданының командасы;

 ІІІ орын:

  • Шемонаиха ауданы командасына,
  • Глубокое ауданы командасына берілді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Келешекте көшбасшылық қасиеттерін, патриоттық рухты, өз

Отанын дәріптеуді дамытуда табыс тілейміз!