
2026 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 3 шілдедегі өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, аттестаттау комиссиясының отырысы өткізілді.
ШҚО білім басқармасы басшысының бұйрығымен бекітілген аттестаттау комиссиясының құрамына білім басқармасының қызметкерлері, Қоғамдық кеңестің, білім беру қызметкерлері кәсіподағының, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, «ADILET» партиясы филиалының және ШҚО Полиция департаментінің өкілдері кірді.
Аттестаттаудан өтетін 26 аттестатталушының портфолиосы қаралды (4 колледж директоры және 22 директордың орынбасары).
Комиссияның барлық мүшелері бағалау парақтарын толтырып, әрбір аттестаттаудан өтушіге тиісті балл қойды.