Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынысты білім беру мекемелері басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынысты білім беру мекемелері басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

070019, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынысты білім беру мекемелері басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (бұдан әрі- Конкурс):

1) ШҚО, Алтай ауданы, Путинцево ауылы, Матросов көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Путинцев орта мектебі» КММ директоры.

2) ШҚО, Алтай ауданы, Маяк ауылы, Школьная көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Маяк орта мектебі» КММ  директоры.

3) ШҚО, Алтай ауданы, Малеевка ауылдық округі, Быково ауылы,  Школьная көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Быков орта мектебі» КММ директоры.

4) ШҚО, Алтай ауданы, Полянское ауылдық округі, Дородница ауылы,  Школьная көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің                   «Дородницкая орта мектебі» КММ  директоры.

5) ШҚО, Алтай ауданы, Соловьев ауылдық округі, Ново-шаруа ауылы,  Центральная көшесі, 2/1 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің                         «Новокрестьян бастауыш мектебі» КММ  меңгерушісі.

6) ШҚО, Алтай ауданы, Васильевка ауылы, Верхняя көшесі, 16/1 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Васильев бастауыш мектебі» КММ меңгерушісі;

7) ШҚО, Алтай ауданы, Никольск ауылдық округі,Никольск  ауылы, Школьная көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Никольск орта мектебі» КММ директоры;

Негізгі қызмет:

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

Шағын жинақты мектеп басшысының (директоры) үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы екі жыл немесе әдістемелік бірлестік басшысы ретіндегі еңбек өтілі кемінде бір жыл болуы;

педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының,                             «педагог – модератор» немесе «педагог – сарапшының» немесе                           «педагог – зерттеушінің» немесе «педагог – шебердің» біліктілік санатының болуы не «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы;

осы тармақшаның 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл».

Білуге міндетті:

        Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; педагогикалық этиканың нормалары; менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады;  педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады;      педагогикалық кеңесті басқарады;   Мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын, психологиялық қызметтің жұмыс жоспарын және құрамын бекітеді; білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді; оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді; заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді; қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді; педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді;  білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;    жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды;      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді;   оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;   ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;    ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;      психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;  Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;     нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді;  педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;    жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады; педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады; өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады;  жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді;  мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;  өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді; білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

Лауазымдық ақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 164 600 теңге – 198 900 тенге.

8) ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Шолохов көшесі, 22 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жасмин» балабақшасы» КМҚК меңгерушісі.

9) ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Комсомольская көшесі, 14 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Катюша» балабақшасы» КМҚК меңгерушісі.

10) ШҚО, Алтай ауданы, Серебрянск қаласы, Серебрянская көшесі, 141 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Салтанат» балабақшасы» КМҚК меңгерушісі.

Мектепке дейінгі мекеме - Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асырады.

Білім беру ұйымының басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

     жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

      немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

         Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;  педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары); "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар); компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология; экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;  еңбек заңнамасының негіздері;   ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.      

        Басшының лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады; педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады; педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 29031 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді; тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;  ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды; ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді; тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді; әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді; тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;   педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді; педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды; ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Лауазымдық жалақы мөлшері:  еңбек еткен жылдарына байланысты 181 600-220 150 теңге.

        Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:

1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) түйіндеме;

12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:

1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото;

3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса);

7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST) сертификат;

8) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.

Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

        Құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде
2026 жылғы 04-12 тамыз аралығында
қабылданады.

        Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық пошта: 8/7232/ 702-361, 8/775/922 0771, m.bokenova@akimvko.gov.kz

Конкурсты өткізу орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1,
7-қабат, 701 кабинет, «ШҚО білім басқармасы» ММ.

        Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы қатысады.

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру

ұйымдарының бірінші

басшылары мен педагогтерін

лауазымға тағайындау,

лауазымнан босату

қағидаларына

3-қосымша

      Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

 ________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үміткердің Т. А. Ә, (бар болса), ЖСН ____________________________________________________________________

(қызметі, жұмыс орны) ____________________________________________________________________

 ____________________________________________________________________

Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________

(білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

 

Қазіргі кезде_________________________________________________________

(лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ жұмыс істеймін.

 

Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

 

 Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Біліктілік санатының болуы (ол болған кезде берілген (расталған) күн)________________________________________________________________

     

Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мынадай жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса):

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

 

 

Мен келісемін ________________________________________________

                                       (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

 

"____" ______________2025 жыл ____________________ /қолы/