070019, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (бұдан әрі- Конкурс):
1) Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласы, Тохтарова көшесі, 13 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алтай қаласындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ директоры;
2) Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, А.Чехова көшесі, 61 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)» КММ директоры;
3) Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Барақ-Батыр көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Күршім ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ директоры;
4) Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылы, Крахмаля көшесі, 55 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Марқакөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ директоры;
5) Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Торайғыров көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Катонқарағай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ директоры;
6) Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар ауылы, Горохова көшесі, 55 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Самар ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ директоры;
Негізгі қызмет:
Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау.
Балаларды тексеру және кеңес беру. Білім алу үшін ерекше білім беру қажеттіліктерін және арнайы жағдайларды бағалау, білім беру бағдарламасын анықтау.
Арнайы білім беру ұйымының басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;
аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism) -орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін;
осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және арнайы (түзету) білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; педагогикалық этиканың нормаларын; экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері:
арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;
педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;
білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;
әдістемелік жұмысты басқарады;
құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;
бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;
педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;
ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
педагогикалық кеңесті басқарады;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.
Лауазымдық ақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 196 295 – 237 175 тенгеден.
7) Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Бухтарминская көшесі, 127 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ директоры;
біліктілік талаптары:
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
арнаулы мектептер (мектеп-интернаттар) үшін арнаулы білім беру ұйымының орынбасары немесе басшысы лауазымында кемінде 1р жыл жұмыс өтілі қосымша қажет;
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады;
педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады;
педагогикалық кеңесті басқарады;
Мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын, психологиялық қызметтің жұмыс жоспарын және құрамын бекітеді;
білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді;
оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;
заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді;
қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді;
педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді;
білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді;
оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады;
педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді;
мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;
республикалық әскери мектеп-интернаттың, облыстық Кадет мектеп-интернатының бастығы (директоры) Қосымша білуге тиіс:
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Лауазымдық ақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 196 295 – 237 175 тенгеден.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото;
3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса);
7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST) сертификат;
8) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде
2026 жылғы 04-12 тамыз аралығында қабылданады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық пошта: 8/7232/ 702-361, 8/775/922 0771, m.bokenova@akimvko.gov.kz
Конкурсты өткізу орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1,
7-қабат, 701 кабинет, «ШҚО білім басқармасы» ММ.
Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы қатысады.
|
|
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
|
|
____________________________ |
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Үміткердің Т. А. Ә, (бар болса), ЖСН ____________________________________________________________________
(қызметі, жұмыс орны) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені_______________________________________________________________
(білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі кезде_________________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ жұмыс істеймін.
Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік
|
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
|
|
|
|
Біліктілік санатының болуы (ол болған кезде берілген (расталған) күн)________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
|
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
|
|
|
|
|
|
Мынадай жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса):
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.
Мен келісемін ________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)
"____" ______________2025 жыл ____________________ /қолы/